Ұлттық баспасөз орталығында «Балалык шак досы – Друг детства» байқауының баспасөз –конференциясы өтті
Әділқазылар төрағасы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бала құқын қорғау комитетінің төрағасы – Жүкенов Жұмажан Қамкенұлы, жиналғандарға, сайыстың номинациялары, әділ – қазылар алқасы және алғашқы қатысушылар жайында айтып берді.
-Балалар біздің қоғамымыздың ең негізгі бөлігі, Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бері, балалар үшін талай игі істер бастама алды. Бұл байқаудың негізгі мақсаты – балалық шақтың проблемаларына қоғамның назарын аударту. Бұл жүлденің балалардың «Оскары» - деп атағым келеді.Балалармен жұмыс жасап жүргендер көп, бірақ олар қоғам назарынан тыс қалып отыр. Байқаудың қорытындылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жарияланады.
Қазақстан Жастарының Медиа Орталығының директоры, байқау төрағасының орынбасары – Галиева Светлана Ахмеджановна сайыстың символы – қағаздан жасалған кеме. Ол бала секілді, өмір ағымымен жүзіп отырады. Ең бастысы, сол кішкене жанның қасынан қиын заманда, қол үшін беруге дайын үлкен кісінің болуы қажет – деп айтты.
Сонымен бірге, баспасөз конференцияда әділ-қазылар мүшесі ҚР еңбек сіңірген қайраткері, К7 тобының продюссері, «Ботақаным» қайырымдылық қорының директоры – Көкеев Ерлан Амнтайұлы сөз сөйледі.
Баспасөз конференцияға байқаудың алғаш қатысушылары да келді – Алматы облысының мектебіндегі балалар хорының жетекшісі және композитор – Тамендаров Г.Г, Алматы қаласының кәсіподақ бірлестігінің төрағасының орынбасары, Алматы қ және облыстағы балалар лагерьлерінің жандануына талай үлесін қосып жүрген – Летникова К.А, Қазақстанның балалар және жасөспірімдер театрының әртісі, балалар сахнасына 40 жыл өмірін арнаған – Тарская Т.Н, «Таңсәрі» балалар мюзик-шоу театрының жетекшісі – Смаилова Дина, «Планета Демакс» романының авторы, оқушы – Шәкір Исламбакиев.
Әділқазылар алқасы мен байқауға қатысушылар журналистердің барлық сұрақтарына жауап берді. Әділқазылар алқасы байқауға қатысушыларының әр заявкалары мұқият қаралып, ешкім назарсыз қалмайтыны туралы айтты. Байқау қорытындылары бойынша, байқаудың қатысушыларына арналған түрлі-түсті кітап шығару жоспарланып отыр.
Байқауда ұтылғандар болмайды. Қатысушылар құрмет пен қоғам назарына бөленулері тиіс. Әзірше байқау жанданып келеді. Сайт қонақтарының назарына! Тыс қалмаңыз! Байқаудың материалдарына сараптама жасаңыз, баға беріңіз. Сіздің бағаңыз жеңімпаздарды таңдағанда, әділқазылар назарынан тыс қалмайды.
Негiзi: ҚазАқпарат, 29.10.2007