Бас дәрігері – м.ғ.к. Ж.К. Қасымжанова
Балалар жақ-бет хирургиясы бөлімшесінің дәрігері м.ғ.к. Ж.А.Фазылов
Қазақстан республикасының стратегиялық даму – 2030 бағдарламасында және Президенттің халыққа жолдауында көрсетілген мақсаттардың ішінде денсаулық сақтау ісі өте үлкен орын алады. Еліміздің өсіп-өркендеуіне, ғылыми-техникалық жандануына, алдағы дамыған елдер қатарына қосылуы үшін халықтың, еліміздің болашағы-өсіп келе жатқан ұрпақтардың денсаулық деңгейі жоғары болуы тиіс. Ол үшін баланы ана құрсағынан бастап қоршаған ортаның зиянды әсерлерінен қорғап, ата-анасының саулығын қадағалау, зиянды әдеттерден арылту, әлеуметтік жағдайын түзеу, қолдау көрсету өте маңызы зор, себебі соңғы уақытта балаларда туа біткен ауытқулар саны ұлғая түсуде, оның ішінде бет әлпеті аймағында кездесетін ауытқулар жиілігі 500-800 туылған нәрестеге 1 бала ауытқумен туылады, ал Алматы қаласы бойынша 640:1бала. Олар: беттің көлденең жырығы, макростома, жоғарғы ерін және таңдай жырықтары, төменгі жақ бітіспеуі, құлақтың сыртқы есту жолының атрезиясы (жоқтығы), құлақ алды, мойын кисталарымен жылан көздері, әртүрлі ісіктер жатады.
Адамның бет әлпетінің әлеуметтік маңызы зор, себебі әр адам бет әлпеті саулығына өте үлкен көңіл бөледі, бетіндегі мүкістігіне күйзеледі, өзін жарым жан санайды, әртүрлі психологиялық дерттерге ұшырайды. Бет әлпетінде өмірге аса қажет мүшелер мен жүйелер орналасқан: орталық нерв жүйесі, көру, есту, тыныс алу, асқазан-ішек жүйесінің алғашқы бөлімі, сонымен қатар сөйлеу, шайнау, дәм сезу, жұтыну қызметтері іске асырылады, осы аймақта ақаулардың болуы осы жүйелермен қызметтерінің бұзылуына алып келіп соғады. Тағы да бір үлкен мәселе ол балалардағы жарақатты және қабыну аурулары: жаралар, жануарлармен тістелген жаралар, тіс кариесінің асқынуынан дамыған жақ сүйектері остеомиелиті мен абсцесс және флегмоналар. Осы аурулардыңда бет әлпетіне тигізер залалы көп.
Сонымен, осындай дерттері бар кішкентай науқастардың жанашары болып жүрген, толық түрде әлемдік деңгейдегі жоғары мамандырылған хирургиялық көмек көрсететін жақ-бет хирургиясы бөлімше дәрігерлері (бөлім меңгерушісі-м.ғ.д С.Б. Нұрмаганов) болып табылады. Балалар жақ-бет хирургиясы бөлімше республикамыздағы бірден-бір жеке бөлімше болып табылады, бөлімше 30 төсек орынды, балалардың емделуіне толық түрде жағдай жасалынған.
Енді атқарылып жатқан емдеу жұмыстарыма қысқаша тоқталып кетсем. Дүние жүзі бойынша алғаш рет балаларда туа біткен құлақтың сыртқы есту жолының жоқтығын самай сүйегінде жасанды тесік және жасанды құлақ пердесін жасау арқылы қалпына келтіру операциясы жасалынып, балалар операциядан кейін толық түрде есту қабілетіне ие болуда.
Туа біткен жоғарғы ерін жырығы бар балаларда хейлопластика операциясы 6 айынан бастап жасалынады және отандас ғалым О.Ж. Шалабаев ұсынған операция тәсілі қолдануда. Ерін жырықтары кезінде осы тәсілді қолдану арқылы анатомиялық, функционалдық ақауларды толық жойып, жақсы косметикалық нәтижелерге қол жеткізілді.
Туа біткен қатты және жұмсақ таңдай жырықтары бар балаларға ураностафилопластика операциясы 2,5 жасынан бастап жасалынады, және әлемдегі кең тараған операция тәсілдері жасалынуда. Таңдай жырығы кезінде болатын мұрын және ауыз қуысының байланысын, жұмсақ таңдай қысқаруын және жұтқыншақтың кеңейгенін хирургиялық жолмен түзеуге болады.
Туа біткен жоғарғы ерін және таңдай жырықтарынан кейін дамыған тыртықты ақаулар және әртүрлі тесіктерді жою операциялары жиі жасалынады. Сонымен қатар туа біткен бет әлпетінде орналасқан қан және лимфа тамырларынан дамыған гемангиома және лимфангиома ісіктері бар балаларға көмек көрсетудеміз.
Әртүрлі жарақаттардан және остеомиелиттерден кейін дамыған төменгі жақ сүйегінің өспей қалуы – микрогения және шықшыт буыны анкилозы соңғы уақытта жиі кездесуде, осы мәселеледі шешімін табуға бағытталған ізденіс жұмыстары жүргізілуде.
Осылайша күнделікті жұмысымызда ғылым мен тәжірибені ұштастырып, бет-жақ аймағында кездесетін мүкіс-ақаулары бар балаларды еліміздің толыққанды азаматтар қатарына қосылуына қол жеткізудеміз.
Ұсыныс хаты
Алматы қалалық №5 клиникалық ауруханасының әкімшілігі Бірінші Ұлттық
«Балалық шақ досы – Друг детства» конкурсының «Ең үздік балалар дәрігері» номинациясына үміткер балалар жақ-бет хирургиясының дәрігері м.ғ.к. Жамбыл Анарқұлұлы Фазыловты ұсынады.
Ж.А. Фазылов осы ұжымда 2003 жылдан бері істеуде, осы уақыт аралығында ол, өзін еңбек сүйгіш, жоғарғы білікті маман ретінде көрсетті. Ол жақ-бет аймағында кездезетін күрделі патологиялары бар балаларға толық түрде хирургиялық көмек көрсетеді. Сонымен қатар қазіргі заманғы жаңа технологиялармен ғылыми жаңалықтарды өз тәжірибесінде кең қолдануға тырысады. Өз білімін 2004 және 2006 жылдары Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында біліктілігін арттырудан өтті.
Ж.А. Фазылов тәжірибелік жұмысымен қатар ғылыми-педагогикалық жұмысын қатар алып жүреді, интерн-дәрігерлер, клиникалық ординаторлардың біліктілігін көтеруге ат салысады. Оның 10 ғылыми мақалалары жарық көрген.
Ж.А. Фазылов аурухана ұжымында әріптестерінің арасында беделі жоғары, өз жұмысына жауапкершілігі жоғары, науқас балаларға мейірімділік, жанашыршылықпен қарайды. «Ең үздік балалар дәрігері» номинациясына үміткер болуға лайық деп санаймын.
МКҚМ «ҚКБ №5»
Бас дәрігері м.ғ.к. Ж.К. Қасымжанова
Источник: Администратор, 29.11.2007
Римма (Атырау) | 29.05.2009, 16:01:05 |
Балалардагы барабанная перепонка жарылган жагдайдагы кенестер. жасы бестен кеткендеги балага операция бола ма? |
|
Балнур (семей) | 25.11.2009, 14:28:27 |
казрги кезде сиям егздерге операция жасалына ма?Олардын денсаулыгына кепилдик бере аласызба?Ондай курдели операцияларды оз елимизде жасай ала ма?Оларга казирги кезде кандай комек корсетилуде? |
|
Акмарал (Туркестан) | 03.05.2010, 18:48:22 |
еки кулагымнин пердеси жарылган, есту кабилетим нашарлап жатыр. кулагымнын иши суланып турады. не жасау керек. маган комек керек. |
|
мадина (атырау) | 23.08.2010, 18:55:02 |
менын кулагымнын ышындагы барабаны жарылган не жасаймын |
|